Шекараға дейін және одан кейін мұнай бағасы басқа. Депутат премьерге қарайды, премьер қайда қарайды?

1336
Adyrna.kz Telegram

Кеше Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат журналистерге мұнай бағасының шекараға дейін бір баға және одан кейін басқа бағамен сатылатын айтты.

Жиыннан кейін журналистер Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиден “Олжас Бектенов басқаратын министрлер кабинетінің жұмысына көңіліңіз тола ма?” деп сұрады.

Ермұрат Бапидың айтуынша, Үкіметтің жұмысын екі жағдайда бағалау керек. “Біріншісі, су тасқынынан кейінгі шығындарды есептеуге келген жағдайда, онсызда дефицит қаржылық тапшылығына орасан зор шығындар жүктелді. Осы тұрғыдан келгенде Үкіметтің жұмысы қолда бар мүмкіндіктің шеңберінде жүріп жатыр деп бағалау керек.
Ал, бірақ дегенмен әлі де Үкімет қолға да ала алмай отырған бағытттар бар. Мәселен, Қазақстанда өндірілген мұнай-газдың шекараға дейін бір бағамен, шекарадан кейін екінші бағамен сатылатын жағдайы бар.

- Шекарадан ары қарай мұнайымыз әлдеқайда қымбат бағада сатылып жатыр. Мәселен бізде шекараға дейін мұнай бір бағаға сатылатын болса, одан әрі қарай арада тұрған компаниялар, трейдерлер екінші бағамен сатып алады. Сонда, біз өзіміздің елде өндірілетін өнімнің мүмкіндігін толық пайдалана алмай жатырмыз. Осыған Үкімет тарапынан арнаулы бір ұсыныстар болып, заңға өзгерістер енгізу керек болса, біз оны қолдайтын едік. Бірақ, бюджетке қосымша түсімнің мүмкіндігі шикізаттың шекараға дейін бір баға, шекарадан кейін екінші баға болып, әлемдік бағаға дейін сатылатын жағдайы бар. Біз неге әлемдік бағаға сатылатын өнімнің түсімінен тиісті қаражат алмаймыз. Сол сияқты уыстан шығарып алып отырған мүмкіндіктеріміз бар. Бұл мәселенің себебін біраз зерттеп көрдім. Бұған дейін жасалып қойған келісімшарттар бар. Ал ол келісімшарттардың біразы халықаралық деңгейдегі келісімшарттар болғаннан кейін олар ұлттық заңдардан әлдеқайда жоғары деп есептеледі. Біздің елде инвестициялық ахуалды бұзған әрекеттер болады. Соған байланысты осы заңдарға өзгеріс енгізу мәселесі туындап отыр, - дейді ол.

Пікірлер