Halyk ҚазҰУ студенттеріне жаңа зертхана сыйлады

791
Adyrna.kz Telegram

Жаңа семестрден бастап ҚазҰУ студенттері инновациялық IT жабдықтарымен оқи алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

30 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Halyk Academy көпфункционалды зертханасы мен коворкинг-аймағы ашылды. Бұл – Halyk банкі мен еліміздің  IT-саласындағы жетекші университеттердің бірлескен жобасы. Жаңа академия ҚазҰУ студенттеріне IT-саланы зерттеу үшін жаңа технологиялар мен мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, студенттер Halyk банкінің бизнес бойынша департаменттерінің мамандарынан дәріс алып, әрі қарай банкте тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады.

"Бүгінде Қазақстанда ел ішінде де, жаһандық нарық үшін де озық сервистер мен технологияларды құруға қолайлы инфрақұрылым қалыптасты. Бұл қаржылық қызметтердің бүкіл әлемде теңдесі жоқ. Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің осы прогреске қатысуға мүмкіндігі бар. Сондықтан Halyk-та банк ішінде ғана емес, сондай-ақ, еліміздің бас жоғары оқу орындарында да жоғары технологиялық зертханалар құруға басымдық бар. Біз үшін Halyk Academy-ді Қазақстанның әйгілі университетінде ашуымыздың маңызы зор. Себебі ҚазҰУ көптеген жылдар бойы қазақстандық және халықаралық компаниялар үшін мамандар шығарып келеді", - деді Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

ҚазҰУ-дағы жаңа Halyk Academy бағдарламалау мен жобалауға арналған инновациялық технологиялар мен жаңа жабдықтарды, сондай-ақ жаңа идеяларды бірлесіп қалыптастыруға және өз жобаларын жасау үшін хакатондарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы коворкинг-аймақты біріктіретін болады.

"Бүгін біздің университет үшін маңызды оқиға, өйткені Halyk атынан еліміздің ең ірі қаржы жұмыс берушісі бізде ақпараттық технологиялар факультетінде Halyk Academy зертханасын ашып жатыр. Жаңа зертханада біздің студенттер білім алып, қажетті дағдыларды игереді, соның ішінде банк саласындағы жұмыс бойынша. Бір қызығы, Halyk Academy ақпараттық технологиялар факультетінде ашылды, онда бүгінде біздің экономикамызға және әлеуметтік өмірімізге жасанды интеллектті дамыту және енгізу бойынша ең ірі зерттеулер жүргізіліп жатыр, ал бұл ғылымның дамуына зор пайда әкеледі", - деді ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Еркін Дүйсенов.

Halyk және ҚазҰУ ынтымақтастығының арқасында студенттер Орталық Азияның басты банктерінің бірі - Halyk-та тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады және Банктің IT-департаменттерінің штаттық қызметкерлері ретінде кәсіби даму мүмкіндігіне ие болады.

Ашылу салтанатынан кейін Halyk senior-қызметкерлерінің бірі ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне дәріс оқыды, оның барысында Data Science саласындағы тәжірибесін бөлісіп, Halyk-тың озық банктік технологиялары туралы айтты.

Бұл -  Қазақстанның жоғары оқу орындарындаашылғанбесіншіHalykAcademy.Бұған дейін Halyk мұндайзертханалардыҚБТУ,ХАТУ, SatbayevUniversity және СДУ-ғасыйға тартқан болатын. Сондай-ақ, жақындаHalykAlmaU-да бизнесстуденттеріүшінарнайыковоркингаймағынқұрды.

Айта кетейік, Halyk start бағдарламасы бойынша соңғы жылдары тағылымдамадан өтушілер мен штаттық қызметкерлер лауазымына 130-дан аса қызметкер қабылданған болатын. Олардың 70%-ы банктің серіктес жоғары оқу орындарынан келген. Болашақта Halyk серіктес университеттер желісін кеңейтуді, Halyk Academy бағдарламасы бойынша дәрістер мен курстар өткізуді және студенттік хакатондар мен кейс-чемпионаттар ұйымына демеушілік жасауды жоспарлап отыр.

Пікірлер