Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп пара алған әйел сотталды

285
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Бүгін, 28 қазанда 100 млн теңгеге бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел Людмила Грачеваның соты өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен қарады. Сотталушы мамыр айында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін апелляциялық сатыға пара беруге болады» деп Әлмира Нұрлыбекованың үйіне келіп, 100 млн теңге сұраған. Сол күні кешке аталған соманы Бишімбаевтың анасы әйелге берген.

«Алайда сотталушы Н-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен ұрлау жөніндегі әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша, яғни Антикор қызметкерлерінің қылмыстық әрекетті әшкерелеуіне байланысты соңына дейін жеткізілген жоқ. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді»,—деп түсіндірді ауданаралық сот.

Әйелге алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Сот Людмила Грачева кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.

Пікірлер