Тель-Авивтегі теракт. Жүк көлігі автобус аялдамасына соқтығысты

309
Adyrna.kz Telegram

Тель-Авивте жүк көлігінің автобус аялдамасына соғылуы нәтижесінде 37 адам жараланды, олардың алтауының жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оқиға орнына полицияның үлкен тобы мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Полицияның баспасөз хатшысы Арье Доронның айтуынша, бұл құқық қорғау органдары тарапынан ұлттық сипаттағы қылмыс ретінде қарастырылып, теракт ретінде бағалануда.

Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында атып өлтірілді. Оның аты - Рами Натур, 40 жаста, арабтың Калансуа ауылында тұратын Израиль азаматы. Туыстарының айтуынша, ол «аурудан зардап шеккен» және «басқаруды жоғалтуы мүмкін». Олар оның лаңкестік әрекет жасағанына сенбейміз деп отыр.

Алдын ала тергеу көрсеткендей, автобус жолаушыларды түсіру үшін аялдаманың жанына тоқтаған. Осы кезде жүк көлігі аялдамаға келіп, жолаушылар мінген автобусқа соғылды. Оқиға орнындағы бейбіт тұрғындар жүк көлігі жүргізушісіне оқ жаудырып, оны бейтараптандырды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталмыш теракт орын алған ауданда Хезболланың нысаналарының бірі болып табылатын бірнеше ЦАХАЛ әскери базалары орналасқан. Теракт орын алған жерге ең жақын орналасқан база – барлау бөлімшелерінің оқу базасы.

 

Пікірлер