Украина Сирия президенті Башар Асадқа қарсы санкция кісенін салды

2546
Adyrna.kz Telegram

Украина басшысы Сирия президенті Башар Асадқа қарсы санкция салды. Санкция салу туралы жарлық Украина президенті Владимир Зеленскийдің сайтында жарияланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Құжатта Асадқа тиесілі активтердің бұғатталатыны және басқа да бірқатар шаралар қолданылатындығы көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада "РИА Новости" порталы Сирия басшысымен саяси сұхбат жариялады. Сұхбатта Башар Асад Ресейдің өзі сызып алған "жаңа шекарасын" бас шұлғып мойындағанын жеткізеді.  Сонымен қатар, басқыншылықпен тартып алуға әрекет етіп жатқан Украина территорияларын "тарихи тұрғыдан орысқа тиесілі" деп атайды.

Жалпы санкциялар қазірдің өзінде 300 адамға және 141 ұйымға өз салқынын тигізіп, теріс әсер етіп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер