"Қазақ қыздарын Лободаның артына, Леслидің аяғына жығып бердіңдер!" - Алматыдағы концерт сынға ілікті (ВИДЕО)

2855
Adyrna.kz Telegram

Алматыда танымал әнші Светлана Лободаның қатысуымен өткізілген концерт (байқау) көптің ашуын тудырып, сынның астына қалды. Бұл туралы аудармашы Ғалия Шаудырбаева өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Жалпы, ұлттық құндылықтарды жоюға ұмтылыс осындай болады! Мына байқауды, концертті кім ұйымдастырған екен? Ұйымдастырғанда да, қай жағымен ойланған? Сәл еңкейсе, омырауы ақтарылайын деп тұрған желікбастардың ар жағына қазақ қыздарын “мың бұралтып” қойғаны қалай? Осындай концерт, іс-шаралар сценариі, меніңше, алдын-ала әкімдікке өткізіледі. Сонда ол тек галочка үшін бе? Лободаның артына қойып қыздарды, Леслидің аяғына жығып бере салатын ұйымдастырушылар, бүйткен креатив шоуларыңызға түкірдім де, қол қойдым! “Әлем аруы” халықаралық байқауында ән шырқаған Димаш Құдайбергеннің артына ешкім жалаңаш қызын қойған жоқ! Сондай әсерлі шыққан еді! “Қазақ аруы” деген әнді Марат Омаров ағамыз шығарған, сол әнді эстрадамыздың Нұрболат Нұрбуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Ғазизхан Шекербеков сияқты сымбатты да, өнерлі жігіттеріне орындатса да болар еді",- деп жазды автор. 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер