Ресей министрі Қазақстанның БРИКС-тен бас тартуын түсіндірді

555
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның БРИКС-тен бас тартуына қатысты жағдай нақтылауды қажет етеді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Аргументы и факты» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Саясаткер Қазақстанның ЕҚЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ сынды көптеген ұйымға мүше екенін және Түркі мемлекеттері ұйымының белсенді мүшесі болып отырғанын атап өтті.

«Түркі мемлекеттер ұйымы Орталық Азиядағы одақтастарымыз бен стратегиялық серіктестерімізге үлкен көңіл бөледі. Мұның ешқайсысы Қазақстанның немесе Орталық Азияның басқа елдерінің әмбебап құрылымы болып саналатын, бірақ қазір дағдарысты бастан кешіріп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымына белсенді қатысуына еш кедергі келтіріп отырған жоқ. Біздің оңтүстік көршілеріміз, ҰҚШҰ-дағы, ЕАЭО-дағы одақтастарымыз алдағы уақытта БРИКС-пен жақындасудың тікелей пайдасына көз жеткізетін сияқты. Ұйымға мүше болу міндетті емес, бірақ нақты жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге негіз бар. Бұл бәріміздің мүддемізге сай деп ойлаймын»,- деді ол.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйымға кіру туралы ұсыныстар түскенін айтқан еді.

«Бұл ұсыныстарды мемлекет басшысы мұқият қарастырып, оның тапсырмасымен тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдап жатыр. Сонымен бірге қазіргі уақытта және жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке мүшелікке өтінім беруден бас тартады»,—деп түсіндірді ол.

Пікірлер