Түрік лицейінің атасы. Ердоған қудалаған Гүлен де дүниеден озды

344
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрып жатқан Фетуллахчи лаңкестік ұйымының жетекшісі Фетхулла Гүлен 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Ол 20 қазан күні Пенсильваниядағы клиникада жан тапсырған. Түрік діни лидерінің баспасөз хатшысы соңғы кездері Гүленнің денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді. Қоғам қайраткері қант диабеті және деменция дертіне шалдыққан.

Айта кетейік, Фетхулла Гүлен – түріктің қоғам және діни қайраткері, жазушы, ақын, дін уағызшысы. 1999 жылы  АҚШ-қа қоныс аударған қайраткер кезінде Ердоғанның одақтасы болған. Ердоған мен оның діни консервативтік Әділет және даму партиясының 2002 жылы билікке келуіне көмектескен. Алайда одақтастар көп ұзамай билікті бөлісу дауына байланысты араздасып қалған болатын. Сол жылы мамыр айында Гүлен қозғалысы Түркияда террористік ұйым болып жарияланды. Ол мемлекеттің зайырлы сипатын өзгерту үшін төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қуғындалған еді. Алайда бұл айып дәлелденбеді.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ұстанымы бойынша, гүленшілер жамағаты Саид Нұрси идеяларын басшылыққа алады. «Хизмет» қозғалысы әлемнің 140-тан аса елінде мектеп ашқан.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған еліміздегі қазақ-түрік лицейін тікелей Гүленмен байланыстырған еді. Басшы бұл білім ордалары дін уағызшысының ілімін оқытып жатыр деп мәлімдеген болатын. Сол тұста мектептерге тексеріс жүргізілді. Қазіргі таңда қазақ-түрік лицейлерінің атауы «Білім-инновация лицейі» деп өзгертілді. Білім ордасы өз жұмысын тоқтатпады.

Пікірлер