«Хутор» қылмыстық тобы. Құзырлы орган өкілдері пікір білдірді

355
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Аслан Қасымбаевтың жұмысқа орналасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Талғар ауданының әкімдігі аппаратында жұмыс істеп жатқан адам мемлекеттік қызметке тұрар алдында бірнеше тексерістен өтеді. Бізде арнайы және өзге тексерістерден өтеді. Егер бұл жерде қандай да бір кедергілер болса, ол адам мемлекеттік қызметке тұра алмайтын еді», - дейді Бауыржан Әленов.

Ал Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың айтуынша, Еңбек кодексі бойынша егер туған ағаң сотты болса жұмысқа орналасуға кедергі келмейді.

«Бұл жағдайға қатысты айтатын болсақ, ол жұмысқа орналасқаннан кейін қандай да бір туысы қылмыс жасауы мүмкін. Бұл мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығуы керек дегенді білдірмейді. Ал «Хутор» қылмыстық тобы жайлы айтатын болсақ, Талғар ауданында «Хуторский» деген аудан бар. Мүмкін, сол аудан тұрғындарын Хутордан, хуторлық деуі мүмкін. Ал бүгінде ондай қылмыстық топ жоқ», - дейді Адамов.

Осыған дейін Талғар қаласында 16 жасар Шерзат Болаттың өлімінен кейін, әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат құралдарында Талғар ауданы әкімдігі аппарат басшысының осы қылмысты жасағандармен байланысы туралы ақпарат тарады. Ауданның аппарат басшысы Аслан Қасымбаев «хуторлық Хасан» деген атпен танымал қылмыстық тұлғаның туған бауыры екені жазылып жатыр. Ал олардың тағы бір ағайыны істі болғаны белгілі болған.

Пікірлер