Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді

4698
Adyrna.kz Telegram
Сурет: sports24.kz
Сурет: sports24.kz

Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Әбу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы (+78 кг) отандасымыз қосымша уақыт кезінде бейтарап атлет Анастасия Холодинадан айласын асырды.

Бұған дейін +78 кг салмақта қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Карина Такиева 3 ескерту алып, хорватиялық дзюдодан ұтылып қалған болатын.

Осылайша, Қазақстан Әбу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады. Бұған  дейін Дәурен Сүюкенов (60 кг) пен Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдегер атанған еді

Айта кетейік, бұл турнирге 29 мемлекеттен 219 татами шебері жиналды.

Пікірлер