Якутияда Ан-3 ұшағының апатты қонуы кезінде жолаушы қаза тапты

1067
Adyrna.kz Telegram

"Борус" әуе компаниясының Ан-3 ұшағы Якутиядағы Олекминск қаласының маңында апатты қону жасады. Ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы болған, олардың біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы өңірдегі ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеп.

Шығыс Сібір көлік прокуратурасының мәліметінше, ұшақ жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:29-да (Мәскеу уақытымен 02:29) 1,5 км қашықтықта Олекминск аэродромының жанында қонған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ құлауына қозғалтқыштың тарту күшін жоғалтуы себеп болған.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда. Якутия көлік прокуратурасы ұшу қауіпсіздігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, ұшақ Олекминск әуежайынан ұшып шыққан кезде қозғалтқышы істен шыққан. Пилот шұғыл қону туралы шешім қабылдағанымен, әуежайға жетпей, 1,5 км жерде құлаған.

Пікірлер