Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Көкшетау тасжолы жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Салдарынан пойыздағы 600 жолаушы эвакуацияланып жатыр.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі:
"2024 жылғы 12 қазанда "Астана–Көкшетау–Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайтынын хабарлады.
"Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр", – делінген хабарламада.