Пойызға отырған әйел үш баласымен із-түссіз жоғалып кетті

2988
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының тұрғыны Дилбара Тілеулесова кәмелетке толмаған үш баласымен Шымкентке баратын пойызға отырып, із -түссіз жоғалып кетті. Полиция қазақстандықтардан оларды іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Lada.kz сайты. 

Маңғыстау станциясындағы полицияның желілік бөлімінің хабарламасына сілтеме жасай отырып, Lada.kz жазғандай, Тілеулесова 30 шілдеде үш баласымен Шымкентке дейін баратын пойызға отырған, бірақ отбасы белгіленген станцияға сол беті жете алмаған. Туыстары дабыл қағып, тәртіп сақшыларына жүгінді. 30 шілдеден бастап әйел мен балалары туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Оның қасында кәмелетке толмаған үш баласы бар, олардың біріне небәрі 40 күн толған. Дилбара мен оның балаларының қай жерде болуы мүмкін екендігінен хабарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз: 8705 7700438, 87016606096 немесе 102", - делінген хабарламада.

Пікірлер