Қытайда ҚХР құрылған күніне орай басталған мерекелік демалыстың алғашқы күнінде рекорд орнады, деп хабарлайды “Адырна”.
Бір күнде теміржол көлігімен рекордтық 25,2 млн жолаушы тасымалданды.
1 қазанда 25,2 млн жолаушы тасымалданды.
Сұранысты қамтамасыз ету үшін Қытай теміржолдары қосымша 1 462 пойыз шығаруды жоспарлаған.
Жолаушылар ең көп жөнелтілген қалалардың қатарында Бейжің, Гуанчжоу, Шанхай, Чэнду, Шэньчжэнь, Ханчжоу, Ухань, Сиань, Чжэнчжоу және Нанкин бар.
Жүктемесі жоғары бағыттар қатарында «Сиань – Чэнду», «Бейжің – Шэньян», «Бейжің – Чжэнчжоу» және «Бейжің – Циндао» бағыттары аталды.
Қытай теміржолдары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығындағы Күз ортасы мерекесі мен ҚХР құрылған күніне орай берілген демалыс кезеңінде шамамен 284 млн жолаушы тасымалдайды деп күтілуде.
Қазақстан мен Өзбекстан дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді
