Ауа райына байланысты Астана-Көкшетау бағытында жол жабылды

1571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/03a04b23-1b13-42aa-ae2f-014c791a4145-960x500.jpeg?token=c7c67380d67bc84a55cd45e50b6d1007
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Көкшетау тасжолы жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Салдарынан пойыздағы 600 жолаушы эвакуацияланып жатыр. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі:
"2024 жылғы 12 қазанда "Астана–Көкшетау–Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайтынын хабарлады.
"Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр", – делінген хабарламада.
Comments