Ербаян Мұхтардың қорғаушысы тергеушінің үстінен шағым түсірді

1009
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media.kz
Фото: kursiv.media.kz

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың адвокаты тергеушінің үстінен шағым түсірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Адвокат Инга Иманбай іс бойынша тергеушінің үстінен шағым түсіргенін жазды. Себебі іс тоқтап қалған.

"Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу саламын. Бұл қалжың емес. Өкінішке орай тергеу бойынша жағдай осындай болып тұр. Оқиға болғанына жылға жуық уақыт өткенімен, әлі де тергеу орнынан қозғалмай тұр. Мен іске қорғаушы ретінде кіріскен бесінші айдың ішінде тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот медициналық сараптамадан өзге тергеу амалын жасаған жоқ. Оқиға орнынан фото, видео, іс материалдарымен таныстырған жоқ. Іс бойынша туындаған сауалдарға жауап алу үшін хабарлассақ, телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шықты ма, іс бойынша басқа да мән жайларды білу мүмкін емес. Сондықтан, кеше тергеушінің үстінен ісіне құқықтық баға беріп, қылмыстық істі тергеу қандай сатыда екенінен ақпарат алу үшін Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болдым. Енді жауабын күтеміз", – деп жазды Инга Иманбай желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Ербаян  Мұхтарұлы 22 жаста. Отбасында 4 баланың үлкені. Ол әскерге өзі сұранып барған. Бірнеше айдан кейін комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерде алған жарақатынан 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы елді алаңдатқан еді.

Пікірлер