Полиция мен прокуратура дауы. Маңғыстауда заң бұзушылықтар орын алғаны айтылды

970
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының полиция департаменті өңірде азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде заң бұзушылықтар туралы пайда болған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бір күн бұрын Маңғыстау облысының прокуратурасы қадағалау органының есебін уақтылы қарамағаны үшін Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушының тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар рұқсаттарды алған. Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған аудандық ішкі істер бөліміне ұсыныс енгізіліп, заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бірінші оқиға бойынша 2021 жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

2023 жылы ер адам Түпқараған ауданына қоныс аударған. Ол қылмыс жасағанға дейін қаруға рұқсат алған, мұндай құқық бес жылға беріледі.

«Яғни, полиция бұл азаматқа құқықбұзушылықтан кейін азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат бермеген», - деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция департаментіндегілер.

Екінші жағдайда, 2023 жылдың 10 қазанында «102» пультіне отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер туралы қоңырау түкен.

«Осыдан кейін ер адам дереу әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сол күні учаскелік инспекторлар екі бірлік азаматтық қаруды тәркіледі», - деп хабарлады департаменттегілер.

Аталған қару Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімінің арнайы камерасында сақтаулы. Азаматтың қаруды одан әрі сақтауға және алуға құқығы жоқ.

«Полиция ешқандай жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарға азаматтық қаруды алуға және сақтауға рұқсат бермейді», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, Маңғыстауда Түпқараған ауданының Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы жауапқа тартылғаны туралы жазған едік.

Пікірлер