Маңғыстауда бірнеше шенділер қызметтен босатылды

2928
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-15-at-14.50.49.jpeg
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. ПД басшысы Аян Дүйсембаев пен бүкіл қауіпсіздік блогы орнынан кетті. Облыстық полиция бастығынан кейін облыстың бас прокуроры Руфат Құттықов пен ҰҚК басшысы Марат Әбділманов  қызметінен босатылды. Басылымның мәліметінше, кадрлық ауыс-түйіс Мағзұм Мырзағалиевтің «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетуіне қатысты болып отыр. Сонымен қатар елдің батысындағы мұнай өнеркәсібіндегі жағдаймен байланысты. Orda.kz хабарлағандай, арнайы тексеру барысында мұнай сервисі мен тау-кен өндіруші кәсіпорындардың басшылары жұмысшыларды ереуілге жиі итермелейтіні анықталған. Сондай тәсіл арқылы қажетті келісім-шарттарды жеңіп алады. Осыған байланысты Мырзағалиев қана емес, Маңғыстау облысы бойынша полиция департаменті, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің басшылары да қызметінен босатылған.
Пікірлер