CЕРІК ПІРНАЗАР: Автобус жүргізушілерінде мәдени деңгей де жоғары болуы тиіс

1299
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 16-шы маршруттағы автобуста Райымбек даңғылымен келеміз, Сайран көліне жақын қалдық. Жол бойында кептеліс. Шамасы, алдымыздағы жеңіл көлік дұрыс жүрмей келе жатса керек, айдаушы соған терезеден қарап, бірнеше рет айқайлады. Сөзінің сияғы оның неге тым баяу жүріп келе жатқанына ренішті білдіреді. Бірақ жүргізуші сол риза еместігінің денін орыстың неше түрлі боктық сөздерімен жеткізіп жатыр. Даусы жер жарады. Ал автобус іші - толған адам. Ішінде қазақ та, қаймана да, орыс та, орман да, жас та, кәрі де, әйел де, еркек те - бәрі бар. Бұлардың арасында сырт жақтан, шет елден келгендер де болулары мүмкін...

Мұны жазбаса да болар еді. Алайда осында отырған басқа жұрттар қазақтың мәдениетін тап осы айдаушының алқымына қарап бағалай салатыны да жасырын емес. Соған орай ол бұл жерде біздің де намысымызды таптап отыр. Сондықтан бұған үндемей қоя салмасақ керек.

Әдетте автобус жүргізушілерінде шеберліктен бөлек, мәдени деңгей де жоғары болуы тиіс. Тым құрығанда, сыпайылық серігі болуы қажет. Жұмысқа қабылдаған кездерінде осы жағы да қатаң ескерілуі керек.

Бұған Алматы қалалық көлік басқармасындағылар не дер екен? Әлде бұларға бәрібір ме?!

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындарды бұлар қайдан тауып алады?

Айтқандай, автобустың нөмірі: 592 ЕТ 02

 

Serik Pirnazar

 

 

 

Пікірлер