"Филолог маманды дайындағандай". Депутат мектептердегі орыс тіліне шүйлікті

1405
Adyrna.kz Telegram
Дәулет Мұқаев
Дәулет Мұқаев

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қазақ сыныптарында оқытылатын орыс тілі пәні бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дәулет Мұқаев қазақ сыныптарындағы екінші сынып оқушыларына арналған орыс тілі оқулықтары тым қиын екенін айтты. Мұқаевтың сөзінше, орыс тілі кітаптарында оқу жылы басталғаннан-ақ сөйлем құрау, өлең жаттау секілді күрделі тапсырмалар берілген. Депутаттың пікірінше, алдымен алфавиттен бастап үйрету қажет.

«Менің отбасымда балалар орыс тілінде мүлде сөйлемейді, сондықтан олар үшін өте қиын. Олар түгілі мына өзіміз ата-ана ретінде де қиналамыз. Сонымен қатар, орыс тіліндегі сыныптарда қазақ тілін оқыту бағдарламасы әлдеқайда жеңілдеу. Оларда тапсырмалар жеңіл – сөздегі жетіспейтін әріпті қою сияқты қарапайым тапсырмалар. Ал қазақ сыныптарындағы балалардың тапсырмалары филолог маманды дайындағандай. Бұл жағдайда оқулықтарды жеңілдету қажет деп санаймын», – деді депутат.

Одан бөлек, Дәулет Мұқаев  мектептердегі грамматика мәселесі де ақсаңдап тұрғанын айтты. Себебі кейбір мұғалімдер қарапайым сөздерде қате жіберіп жатады.

Депутат жаңа стандарт бойынша информатика пәнін алып тастауды ұсынды. Бұл шешімнің қандай зерттеулер негізінде қабылданғанын сұрап, оның нәтижелерін жариялауды талап етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер