“Бақытты отбасы” бағдарламасына өзгеріс енгізу керек! - Дәулет Мұқаев

3036
Adyrna.kz Telegram

Бақытты отбасы” бағдарламасына өзгеріс енгізу керек! Бұл туралы белгілі блогер, экономист Дәулет Мұқаев “Біздің мақсат” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бақытты отбасы” бағдарламасына өзгеріс енгізу керек! Мәселе - шаршы метрінде. 1 бөлмелі үй беріп отыр. Мемлекет, әкімшілік салған 1 бөлмелі үй 31 шаршы метр. Ол “Бақытты отбасында” көп балалы отбасы үй алады. Көп балалы отбасы дегеніміз 4 баласы бар, әйелі мен күйеуін қосқанда 6 адам болады. 6 адамды қалай 31 шаршы метрге сыйдыруға болады?

31 шаршы метрді 6 адамға бөлетін болсақ, сонда 5 шаршы метр бір адамға тиесілі ме? Біздің адам басына кем дегенде 15 шаршы метр болу керек деген заң қайда? Неге жасалмайды? Онда “Бақытты отбасына” үлкен өзгеріс керек! Бұл жерге жаңадан келген министр келу керек еді. Өйткені, бұл бақытты отбасы 2019 жылдан басталды, 50 миллиардтан бөлінді. Міне, сол ақша, сол лимитпен 2023-ке келіп отырмыз. Бірақ біз халықты тығырыққа тіреп отырмыз. 30 шаршы метрде тұрып жатқан көп балалы отбасы өзін бақытты сезіне ала ма?”,- деді Дәулет Мұқаев.

Пікірлер