Санкция құрсауындағы Путин ТМД-дағы жаңа жобалар жайлы айтты

1123
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ресей ТМД елдерін стратегиялық серіктес санайды. Бұл туралы бүгін Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Достастық елдері басшыларының саммитінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Путин ТМД елдерін дос санайтынын айтты.

"Біз үшін ТМД елдері – біздің ең жақын көршіміз, досымыз, стратегиялық серіктесіміз. Біз ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілдіміз, Ресейдің 2024 жылғы төрағалық тұжырымдамасы осыған бағытталған", - деді ол.

Сонымен қатар, Ресей президенті Достастықтағы әріптестеріне бірлескен жобалар мен іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. 

"Әрине, біз экономикалық мәселелерге және ТМД елдеріндегі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларына үлкен көңіл бөлеміз", - деп толықтырды Путин.

Путин елдерде "өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және инфрақұрылым салаларында жаңа, ірі, өзара тиімді жобаларды іске қосуға барлық мүмкіндік бар" деп сенім білдірді.

Пікірлер