ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Путин кешірім сұрады ма? Әрине, жоқ!

817
Adyrna.kz Telegram
Фото: скриншот/Известия
Фото: скриншот/Известия

Әлиевпен телефон арқылы сөйлескенде ол сөз арасында: "Мен болған оқиғаның Ресей аспанында болғаны үшін кешірім өтінемін. Қаза болғандарға көңіл айтамын. Жарақат алғандар тезірек сауығып кетсін" - депті. Енді осыны талдайық.

"Болған оқиға Ресей аспанында болғаны үшін..." Оқиға бір өзімен-өзі бола қалғандай-ақ. Бұл кешірім сұрауға жатпайды, бұл Әзірбайжан мемлекеті үшін осылай дей отырып әзірбайжан қоғамын тыныштандыру үшін айтылған кезекті кезекші фразасы ғана. Және сол бойда: біз қайтейік, украин дрондары ғой шабуыл жасаған, біз содан қорғануға мәжбүр болдық дегендей қылған. Яғни Украинаға жапқан.

Кешірім олай сұралмайды. Біз байқаусызда атып алдық деп тұрған жоқ. Ал басқа бос тұрған әуежайларға неге қондырмаған деген сұрақ жауапсыз қалды. Украиндардың қырсығынан біз барлық әуежайларды жабуға мәжбүр болдық дейді. Апаттық жағдайда келе жатқан ұшақты қондырмау, оны теңіз арқылы Ақтауға жолдау қылмыс ізін жасыру екендігін бүкіл әлем баспасөзі жазып жатыр, соны біле тұра Путиннің бұлайша мәймөңкелеуі оның шын бет-бейнесін көрсетеді.

Меніңше, осымен бәрі аяқталады, ешқандай компенсация туралы әңгіме болуы да мүмкін емес. Ендігі міндет - бәрін де, барлық видео, ұшқыштардың диспетчермен сөйлескендері, қара жәшіктер, т.с.с. сенімді жерде сақталуы керек. Әзірге Путин Кобзонға кетіп жағдай өзгергенше. Әйтпесе ФСБ олардың сақталған жерін білсе жарып жіберуден де тайынбас.

Ал біздің үкімет... Комиссия келіп қарайды деп жатыр ғой, сәл шыдайық, күтейік. Не дер екен?

Қуаныш Еділханов

 

 

 

 

Пікірлер