Ұлытау облысының әкімі референдумда дауыс берді

139
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазғандағы ЖББ №24 мектепте орналасқан №213 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.

Өңір басшысы референдумның маңызына тоқталды.

«Референдум - «Естуші мемлекет» тұжырымдамасының аясында халық үніне құлақ асу үшін ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шара. Қазақстандағы барлық тұрғын бүгін дауыс беру мүмкіндігіне ие болып жатыр. Мен де өз елімнің еркін азаматы ретінде учаскеге келіп, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жерлестеріммен бірге дауыс бердім», - деді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Жалпы Ұлытау облысы бойынша 132 референдум учаскесі, оның ішінде азаматтардың 4 уақытша келу учаскелері жұмыс істейді. 870 аумақтық және учаскелік референдум комиссиясының мүшесі қызмет атқаруда. Облыс қалаларындағы 21 учаскеде сайлаушылар тізімінде азаматтарды тексеру бойынша онлайн-сервистер және 6 учаскеде азаматтарды тіркеу бойынша сервистер орнатылды.

Ерекше қажеттілікті талап ететін 336 адам үшін дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша референдум заңнамасы шеңберінде жағдайлар жасалды. Оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын 157, зағип және нашар көретіндері -108, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар – 71 адам. Барлық учаске пандустармен және тұтқалармен, тиісті бұрыштармен және дауыс беру үшін қажетті құралдармен жабдықталған.

Мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдар үшін учаскелерде еріктілердің көмегі көзделетін болады. Референдум күні облыстың қалаларында 6 инватакси қызмет көрсетеді.

Пікірлер