Орыстардың негізгі ата жұрты қай жақ?

4690
Adyrna.kz Telegram

Мына екі картада еуропалықтар хатқа түсірген 16 ғасырдағы Ресей территориясы. Орыстың өз ата жұрты. Ол кезде Россия атауы жоқ, ол кезде орыстар Московия княздігі деп аталады және Мәскеу маңындағы қалаларда тұратын ондаған тайпа халықтарға бөлінеді. Бұл 1520 - 1550 жылдардың картасы. Ал Россия атауы орысқа тек 18 ғасырда, Петрдың тұсында ғана бекіді, оған шейін орысыңыз тек Московия атауымен белгілі. Картада сол Московия.

Москва қаласы финдердің моқша тайпасының жері. Рязаньның - эрзя тайпасының жері екені белгілі, ал Пермь дегеніміз пермяк деген тілі де діні де орыстан бөлек халық болыпты.
Кострома қаласы - фин тайпаларының костром атты бір бөлігінің жері екен. Орыстың ұлттық батыры делінетін Иван Сусанин осы кострома тайпасынан шыққан адам екен, баяғыда оның туыстары патшаға осы Иванның ерлігін жария ету үшін хат жазайын десе, орысша білмейді екен, олар фин тілінде сөйлеген, сосын амалсыз оның отбасы хат жазу үшін славян аудармашысын ақы беріп жалдапты. Бұл бергі 1610 жылдар, 17 ғасыр. Яғни, сол заманда да әлі біріккен орыс деген халық болмапты. Енді сол кезде орысша білмейтін Кострома қаласы қазір "орыстың көне қалаларының" біріне жатады - мыс.
Чудь, вепс, саами деген тайпалар да осы маңда, бұлар да фин - угор текті кейін орысты құраған халықтар. Тілдері әртүрлі, өздері сан түрлі халық кейін шоқынып орыс болды. Орыстың түп атасы мордвалардың орыстың құрамына қосқан үлесі, тіпті шексіз үлес.

Олардың мордваларынан бөлек, орманда тұратын черемис деген жабайы тайпалары да қалың ел еді. Олар да кейін шоқынып орыс боп кетті. Мына картаны мұқият қарасаңыз черемисті де көресіз.
Орыстың теріскей өңірінде бұғы жегетін, балықты шикідей жейтін жабайы печора тайпалары мекен етіп сол кезде - ақ жақын орысқа мойынсұнған екен. Бұлар қазіргі ханты - манси дегендердің бабалары. Қысқасы, орыс дегеніміз нағыз шоқындының құрамасы болған халық қой.

Бұл кезде "Волга матушка" деген әңгіме жоқ, Еділ өзені ғана бар. Ол Еділдің бойында сонау Мәскеуге шейін қалың көшпелі ноғай жайлап отыр. Олар картада "Ногай татар" деген атаумен тұр. 1599 жылы иран саяхатшысы Өкреш Баят Еділ өзенін кесіп өткенде өзен бойын жайлаған қалың ел мен мыңғырған мал көріпті. Сол кезде бір қойдың құны бір риал болады екен, яғни соқыр тиын арзан екен. Бұлар сол ноғайлар еді, малдарын Еділге көшпелі сал көпір жасап сол көпірмен көшіреді екен.
Одан төменірек "Еділ татары" дегеніміз бұрыңғы Бату ордасының халқы, бұлар бір кезде өз алдына бір орда бопты. Астрахан да өз алдына бір хандық екен.
Ол кезде "Қырым орыс жері" деген әңгіме де болмаған. Қырым қайда, орыс қайда деңіз.
Қырымды сансыз Керейлер (хандар) әулеті билеп отыр. Кезінде осы Қырым хандығы да Мәскеуді оңай жаулап бағындырып отыратын көшпенді хандар мемлекеті бопты. Қазір бұл жерлер Ставпрольский край, Волгоградская область т. б облыс атауларын иемденіп отыр.
Десек те, кезінде көшпелі халық осы Қырым - Еділден сонау Ауғанстанның теріскей өңіріне шейін еркін жайлап отырған екен. Бұл халықтарды билеген Орда атаулары әртүрлі, билеушілері сан түрлі болғанымен, бұлар тілдес, тұрмыстас, қандас, бауырлас халықтар еді. Бұларды көршілері ТАТАРЛАР деп атапты. Біз де осы татардың біріміз.
Мысалы дейік, ноғайда не көп, маңғыт пен қоңырат көп, сондай қоңыраттың бірі Ноғайдың түген сұлтанынан Ауған жеріндегі Қорасанның пәлен ханына хат апармақшы болатын болса, ол жолай біздің Жаңақорғандағы қоңырат бауырын бір көріп, өзбектің Жиделі Байсынындағы бауырын бір құшып, Ауғанстандағы қоңыраттарды бір қысып көзін сулап қайтады екен.
Ол кездегі көшпенді халықтың жайлаған жері шамамен осындай бопты.

 

 

Олжас ӘБІЛ
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер