Ақтаудағы аялдаманың бейнесі желі жұртының талқысына ұшырады

179
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы аялдаманың видеосы тарап, көптің наразылығына ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аялдамада жолаушыларға арналған отырғыш биік болған. Желідегі бейнеде ер адамның оған отыра алмай, қиналғанын көруге болады.

Massaget.kz мәліметінше, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аялдамаға қатысты тиісті жауап жолдаған.

"Ақтауда жаңа 20 әлеуметтік автобус аялдамасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір жаңа аялдамалар автомобиль жолдарының қажетті аумақтарына орнатылып жатыр. Бұл автобус аялдамасы әлі бекітілмеген. Осы аптада толығымен орнатылады. Инженерлік желілер құрылысына байланысты тоқтап тұрған еді, жолды жөндеу аяқталғаннан кейін аялдама орнатылады", – делінген жауапта.

Желідегі жұрт "Су тасқыны бола қалса кемені күтетін аялдама екен", "Қарттар күніне әкімдіктің сыйлығы болар", "бұл әлі толық бітпеген ғой", "тек бойы ұзын адамдарға арналған отырғыш қой" деп түрлі пікір жазған.

Пікірлер