Аялдамадағы апат. Көлік жүргізушісі жүргіншілерді қағып кетті

2037
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Павлодарда жеңіл автокөлік автобус аялдамасындағыларды қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Екі адам ауруханаға жеткізілген. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге қатысты пікір білдірді.
"Оқиға орнынан Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2009 жылы туған бала бас миының шайқалуы
және бас миының жабық жарақатымен келіп түсті. 1999 жылы туған екінші жігіт Павлодардың № 1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол жамбас жарақатын алып, амбулаториялық емге ауыстырылды", - деп мәлімдеді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.
Пікірлер