Қарағанды Халықтық штабының мүшелері «Жаңа майқұдық» мәдениет үйінің ұжымымен кездесу өткізді.

1207
Adyrna.kz Telegram

Кездесу аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі референдум бойынша ақпарат берілді.

6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша референдум Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр.

Кездесу барысында Ахметова Әсель Маратқызы АЭС құрылысының мерзімдері және АЭС құрылысына жетекшілік ететін мекемелер жайлы сұрақ қойды. Қарағанды Халықтық штабының мүшелері келіссөздер, келісімшарттар және сатып алу процестері барынша ашық болатынын түсіндіріп, мәселе бойынша түсініктеме берді. АЭС жобалау және салу кезінде техникалық қадағалауды тәуелсіз реттеуші жүзеге асырады, құрылыс МАГАТЭ бақылауымен жүргізіледі. Атом электр станциясының құрылысы миллиардтаған долларлық және ұзақ мерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарыққа қатысушылардың беделі өте құнды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер