«Jas REPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі өтті

193
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында «Jas REPUBLIC CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Аймақтық іріктеу кезеңіне 31 команда қатысты, бұл облыстың түкпір-түкпірінен 150-ден астам жас пікірсайысшылар.  Айта кетерлігі, Ұлттық пікірсайыс турнирі еліміздің барлық аймақтарында өтті.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, ақпаратты талдау, топпен жұмыс жасау, сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру. Сонымен қатар оқушыларды білімге, тапқырлыққа, шешендікке баулу. Турнирдің мақсаты да осы. Жастар – елдің болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Іріктеу турнирінде қатысушылар Қазақстандағы өзекті мәселелердің шешімдері мен тиімді тетіктерін ұсынды.

 Пікірсайыс – білім беру ойыны. Қатысушылардың маңызды міндеті - даудағы екі пікір де мұқият зерттеуге және оларды қолдаудағы дәлелдерді мұқият өңдеуге лайық екенін түсіну. Бір немесе басқа команда пікірталаста жеңіске жеткендіктен, ол қорғайтын ұстаным дұрыс дегенді білдірмейді. Жеңіс толығымен команданың шеберлігіне байланысты: бұл ойынға қатысушылардың жеке дағдылары, командалық жұмыс және жоғары ойын деңгейі. Бұл турнирді ұйымдастыру жаһандық форматқа ие болуда. Мұнда ойналатын тақырыптардың барлығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, деңгейіне қарай айқындалып, бейімделген», - дейді «Жас ұрпақ» пікірсайыс қозғалысының сарапшысы Гауфария Ахметова.

Бұл пікірсайыс турнирі Қазақстанның барлық аймақтарында өтті. Аймақтық іріктеуден өткен жеңімпаздар қазан айында Республика күніне орай республикалық турнирдің дебаттарына қатысатын болады. Бұл бастаманың басты мақсаты – ұрпақтарымыздың бойына білім ұялатып, патриоттық қабілеттерін арттыру», – деді өз сөзінде «Республика» партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ришат Қожабек.

Ақылды да білімді жастар өзара тәжірибе алмасып, пікір алмасты. Айта кетерлігі, бүгінгі күні барлық оқу орындарында дебат клубтары жұмыс істейді. Олар оқушылардың интеллектуалдық және коммуникативті дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосуда.

Қазақ лигасы бойынша іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Оқушылар сарайының командасы жеңіске жетті. Талдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы орыс лигасында 1-орынға ие болды.

Жеңімпаздар қазан айында өтетін республикалық турнирде Жетісу өңірінің намысын қорғайтын болады.

 

Пікірлер