Министрлік «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауын жариялады

1276
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы ақшамы
фото: Алматы ақшамы

Мәдениет және ақпарат министрлігі жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» атты авторлар байқауын өткізеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, байқау дарынды авторларға қолдау білдіріп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашуды мақсат етеді.

«Бұл байқау кәсіби шеберлігімен қажырлы қызмет етіп, елімізді дамытуға зор үлес қосып жүрген тұлғаларды ұлықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар және тағы басқалардың еселі еңбектерін көпке насихат етеді», - деп жазды министр.

Жарыс жеңімпазы келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады.

«Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітапты басып шығарып, ел бойынша таратады. Өтініштер осы жылдың 1 қазанынан басталады», - деп жазды Балаева.

Пікірлер