Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылындағы мектеп ғимаратының фойесіне бұрыш спрей шашқан екі мұғалімді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін полицейлер жауапқа тартты, деп хабарлайды «Адырна” ұлттық порталы Petropavlovsk.news-ке сілтеп.
«Оқиға салдарынан аудандық ауруханаға 11 және 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел түсті. Оларға медициналық көмек көрсетілді және жағдайлары жақсарғаны айтылды. Бұрыш спрейін шашқан мұғалімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полицейлер.
Полиция оқушылардың есінен танып, мектепте ерекше иіс пайда болғанын хабарлады. Қызметкерлер мен мұғалімдер, оқушылар эвакуацияланды.
Тергеу барысында екі мектеп мұғалімі бұрыш спрейін тексеру барысында оны түсінбей, спрейдің ішіндегісін шашып, үй-жайға таралуына себеп болғаны анықталды.