Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 153% толып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы СҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова айтты.
Оның сөзінше Есіл өзенінде су деңгейі әлі жоғарылап жатыр.
Қазіргі сәтте аталған облыста 2023 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан.«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шегінен 2 метр 67 см асты. Тәулік ішінде бұл деңгей 8 см төмендесе де, Есіл өзенінде су деңгейі әлі жоғарылауда. Осы орайда өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басты», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Жалпы облыс бойынша барлығы 10 345 адам, оның ішінде 2328 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Сонымен қатар, 3530 мал қауіпсіз жерге айдалғаны да мәлім болды.«Негізгі соққы Қызылжар ауданының кенттеріне келді. Сондай-ақ, Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1 324 үйді су басты. Онда 5072 адам көшірілді», - дейді бас маман.
Ұқсас жаңалықтар