Петропавлда 4 жасар бүлдіршін көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

1119
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кеткен. Бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқыс оқиға 7 маусым күні болды.

«Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел нөміріне Ибраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Қандай жарақаттар алғаны дәрігерлік құпия. Мамандар бүлдіршінді аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Пікірлер