«Демографиялық саясатта саннан сапа маңызды»

4524
Adyrna.kz Telegram

Былтыр еліміздің халық саны 20 млндық межеден өтті. Соңғы жылдары бізде демографиялық өсім туу деңгейінің өлім деңгейінің айырмашылығында көрінді.
Осыған орай «Адырна» ұлттық порталының ютуб арнасының кезекті қонағы ғалым, демограф, еліміздің халық саны, туу, өсу және миграция мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген маман Бәтжан Ақмолдинаны сұхбатқа тарттық.

Оның жұмыстары демографиялық саясатты қалыптастыруда, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеуде маңызды рөл атқарады.

Елдегі демографиялық жағдайдың қазіргі күйі мен жағдайы туралы, туу, өлім-жітім деңгейі, жастардың отбасы, неке құру жасы, статистикалық көрсеткіштер, алдағы болжамдар туралы айтылады. Сондай-ақ туу көрсеткіштерге ықпал ететін факторлар, әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік-демографиялық саясат, мемлекеттік бағдарламалар, этникалық жағдай, көші-қон және басқа.

Туу деңгейі бізге көбінесе оңтүстік аймақ береді. Солтүстікте туу көрсеткіші аздау. Астана, Алматы қалаларда урбандалу, көші-қон нәтижесінде өсім жоғарырақ басқа өңірлермен салыстырғанда маман өз зерттеулерінмен бөлісті. Еліміздің демографиялық жағдайдың өзгеруіне көші-қон да әсер етті. 90-шы жылдары неміс-славян, өзге этностардың сыртқы миграциясы болса, сол жылдардан бастап 1 млн қандастарымыз келді.

Қандастарымыздың туу көрсеткіші ықпал етті. Соңғы жылдары қандастарымыздың елге келуі азайды. Бұл туралы сарапшы өз ойымен бөлісті. Бұл көш неге баяулады? Мемлекет қандай қолдау жасау керек еді?
Қандастарымызды елге көшіруде мемлекет белгілі бір аймақтарға, облыстарға көшуге ынталандырады. Мысалы солтүстікке азырақ келді, көбі оңтүстікте, батыста шоғарланды. Қандай демографиялық стратегиялар құру керек туралы айтылды.

Сондай-ақ маман Украинадағы соғыс, оның үстіне Ресейдегі мобилизация басқа да санкциялар нәтижесінде елімізге ресейлік релоканттардың келуі қалай әсер етіп жатыр.
Демографиялық құрылымға байланысты елде жастар үлесі көп, бұл 30 пайыздай көрсетіп тұр. Көп жағдайда көпбалалы отбасылар құрып алдағы уақытта демографиялық өсім болжамдар туралы айтылды.

Еңбек және білім алу миграциялар туралы әңгіме болды, бұл білімді, дарынды жастар кетіп жатқанын көріп жатамыз. Қазақ жастарының сыртқа кетуі елдің дамуына қалай әсер ететіні жайында айтылды. Сонымен бірге елдегі тіл ахуалы да сөз қозғалды.

Пікірлер