Астана мен Таразда бүлдіршіндер терезеден құлап кетті

1294
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқыс оқиға 5 тамызда болған. Бала ауруханаға жеткізілді.

«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Осыған ұқсас жағдай Таразда да болған.

1 жасар бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.

«Құрметті ата-аналар ТЖМ ескертеді:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Москит торлары құлаудан қорғамайды;

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - делінген хабарламада.

Бірнеше күн бұрын Сәтпаеа қаласында да бала терезеден құлап, ауыр жарақат алғанын жазған едік.

Пікірлер