Алматы — Сеул рейсі. Ұшақта шетелдік азамат шылым шеккен
Алматы — Сеул рейсі. Ұшақта шетелдік азамат шылым шеккен
11.11.2025
482
Алматы — Сеул бағытындағы ұшақта 35 жастағы Тәжікстан азаматы шылым шеккені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол ұшақтың дәретханасында шылым тұтатып, 196 600 теңге айыппұл арқалады.
Көлік полициясының баспасөз қызметі ұшақ Алматы әуежайына қонған соң әйел көлік полициясына тапсырылғанын хабарлады. Тексеру барысында оның ұшу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны анықталды.
Көлік полициясы биылдан бері әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша ұшақтан 520 адам шығарылғанын, олардың 131-і шылым шегу үшін екендігін атап өтті. Ведомство жолаушыларға ұшақтағы тәртіпті сақтауды және өзге адамдардың қауіпсіздігін құрметтеуді еске салды.