Атырауда 15 жастағы қыз зорланғанын айтты. Полиция жағдайға пікір білдірді

777
Adyrna.kz Telegram

Атырауда кәмелет жасқа толмаған қыз өзінің күштеп күйеуге шыққанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіде жас қыздың айтқан хабарламасы тарап кетті. Айтуынша, оны 20 жастағы жігіт зорлап, содан кейін жәбірленушінің ата-анасы оны оған күштеп үйлендірген. Сондай-ақ, 15 жастағы қыздың қазір төрт айлық сәбиге жүкті екені атап өтілді. Айтуынша, күйеуі мен оның туыстары оны бірнеше рет ұрып-соққан.

Атырау облыстық полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеудің бастапқы кезеңінде жәбірленуші тарап қажетті сот-медициналық және психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты, бұл қылмысты толық тергеп-тексеру мақсатында кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірді», - делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Пікірлер