Елімізде жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгермек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нақтырақ айтсақ, 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы мүмкін.
Ал құжат Ашық НҚА-да жарияланған.
"Денсаулық сақтау министрлігі 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді", – деп жазылған құжаттың жобасында.
Денсаулық сақтау министрлігі:
"Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі", – деп жазылған құжаттың жобасында.
Осылайша, министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс қолдау тапса, 4-санаттағы шақыртуға мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде баруы шарт.