Теннисші Елена Рыбакина тағы бір жарысқа қатыспайтын болды

214
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Теннисші Рыбакинаның ойыннан шығуына арқасындағы жарақат себеп болған деген ақпарат тарады.

Ол өткен жылы осы жарыста жартылай финалға дейін жетіп, 390 рейтингтік ұпай жоғалтты.

Елена Рыбакина қатарынан үшінші турнирге қатыспады.

Бұған дейін ол Париж Олимпиадасына да денсаулығына байланысты қатыспаған еді.

Пікірлер