Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Теннисші Рыбакинаның ойыннан шығуына арқасындағы жарақат себеп болған деген ақпарат тарады.
Ол өткен жылы осы жарыста жартылай финалға дейін жетіп, 390 рейтингтік ұпай жоғалтты.
Елена Рыбакина қатарынан үшінші турнирге қатыспады.
Бұған дейін ол Париж Олимпиадасына да денсаулығына байланысты қатыспаған еді.Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge