Австралияда өтіп жатқан Australian Open турнирінде теннистен жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов қатысып, бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирде итальяндық Федерико Чинамен болған матчта 16 жасар қазақстандық Әмір Омарханов сенсациялық жеңіске жетті.
Бірінші айналымда итальяндық 6:0 есебімен басымдыққа ие болды. Бірақ қалған екі сетте қазақстандық камбэк жасап, 6:3 – 6:3 есебімен теңесті. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.
Әмір Омарханов келесі айналымда перулік Луис Хосе Накаминені жеңген британдық Виктор Фридрихпен кездесу жасады.
Айта кетейік, жыл басында теннисші Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингінде 58-орыннан 28-орынға көтеріліп, әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылған болатын.
“Адырна” ұлттық порталы