Тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

913
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Қарасай ауданындағы тұрғын үйде газ жарылып, адам шығыны болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жалпақсай ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды.

Облыстық ТЖД күштері мен құралдары жарылыстан кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықтады.

Одан бөлек, үйінді арасынан 1957 жылғы азаматтың денесі табылды.

“Алматы облысының ТЖД азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады”, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікірлер