Астанада жүк көлігіне тиелген газ баллондар жарылған. Осы жерге жақын орналасқан үш көлікті де жалын шарпыды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған. Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылып үлгерген. "Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.Ұқсас жаңалықтар
Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі Астанада симфониялық музыка кешін ұйымдастырады
