Ботақанов босатылды. Ұлттық ұланның бас қолбасшысы ауысты

980
Adyrna.kz Telegram
фото: "Егемен Қазақстан"
фото: "Егемен Қазақстан"

Ішкі істер вице-министрі Еркін Ботақанов – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінен босатылды. Оның орнына Аңсаған Балтабеков келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Ботақанов Ұлттық ұланды 2022 жылдың қаңтарынан бастап басқарды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Аңсаған Ескендірұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Балтабеков бұған дейін мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары болған, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен.

Пікірлер