Жамбыл облысында ер адам туған анасын өлтірді

971
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Пікірлер