Астанада Спортты дамыту дирекциясының экс-басшысы сотталды

875
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Астанада Спортты дамыту дирекциясының басшысы Самат Ерғалиев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот шенеуніктің 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушыны заңсыз тағайындағанын мәлімдеді.

«Самат Ерғалиев ер адамды 19-қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберіп және жалпы сомасы 113 млн теңгеден астам жалақы, іссапар шығындары мен материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен»,—деді Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Айта кетейік, сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, аудит қорытындыларымен, ақша қаражатын алу туралы банк деректерімен дәлелденді.

Пікірлер