15 қыркүйекте Құлжа трактісінің бір бөлігі уақытша жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2024 жылғы 15 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін «Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас» республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылатынын хабарлайды. Бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі. Аталмыш жерде арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады», - делінген хабарламада.