ЖЕТІ РУХ

2811
Adyrna.kz Telegram

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Нарқұлан РАЙХАНҰЛЫ.

 

 

Авторы: Нарқұлан Райханұлы

Байланыс номері: 8-708-566-71-24

 

 

Поэма

Уақыт рухы қайтып келмейді.
Осы рух азая бастағаны-ақырзаманның жақындағаны.
Ямамото Цунетомо

 

I
Жеті құрлықты айналып,
Адамзат кіндігі нәр алған,
Киелі рухқа байланып.
Жеті қат көк пен жер -
Алланың әмірі бойынша жаралған.

Содан бері,
Ақжал тарихтың,
Ақтарып буырқанған парағын.
Қарасаң...
Адам ата мен һауа анада,
Арда Алтайдан тараған.
тәңірі нұр құйып санаға,
Тіршілік түрені басталған,
Алтын көкірек,
Абыз кеуделі осынау Ұлы Далада.

Үңілсең алтын тарихқа кешегі,
Ежелгі Ботай мәдениеті -
Біздің кім екенімізді әлемге мәшһүр етеді.
Егерде түсінсе түйсіксіз әлемнің пендесі,
Жер жаралғалы бәрі бізден басталған,
Айшықтап айтуға осыда жетеді.
Қолға үйретіп жабайы торыны,
Құлан жал қылқұйрық баһадүр ерлердің астында ойнаған.
Атпенен басталған хан Шыңғыс жорығы,
Найзасы Европа төсіне дейін бойлаған.
оныда жасаған біз едік анығы...
Жорықта ат құлағында ойнаған,
Айзайра бабамның ақкөз ерлікті жорығы...

II
Біз деген -
ақ алмас қанжардың жүзі едік,
Жәдігер мұрамыз, қылыш пен садақты айт,
Оны әлемге ұстауды үйреткен біз едік!
Бүгінде жер жаһан қарудың атасы осы деп адақтайды,
Рухы өр -
Кешегі Сақ пен Ғұн,
Бүгінгі Қазақты айт!!!

Қазаққа Жеті құт дарыған,
Жер шарын айналып,
Уақыт бодандық босағасына сарыған.
Алашта Тәуелсіздік тойланып,
Жер шары көк түрік ұрпағын таныған.
Ұлт едік уызына жарыған,
Күллі түріктің қара шаңырағына,
мүрагер біз болып сайланып,
Ұлтымның рухына көкбөрі дарыған.
Егесте елі үшін қайралып...

Енді біз -
Жеті бас айдаһар келседе,
Орманды аюға алдырмас
азуы алты қарыс арланбыз.
Биікке самғаса қанатын талдырмас,
Басына самұрық ұялар заңғармыз.
Ұлт едік көкжалмен тағдырлас,
Кететін қақпанға аяғын қалдырып.
Намысын, рухын құлатпау құлдиға,
Бұл деген салт-дәстүр заңдылық.
Сана мен түйсікте сақталған ылғида...

III
Жеті ата тектілік сарыны,
Ұрпақтың мөлдірлік ибасы.
Қобыздың құлақта зар үні,
Ащы зарым мен терімнің тұнбасы.
Кермек үні бар ғасырдың,
Өткенге үңілсең...
Зарлаған інгеннің үзілген бұйдасы.

Биікке ұшудан талмаған,
Сынығы ек асылдың.
Тектілік жұрнағы тәңірі қолдаған,
Көне бал-балдар үнімен,
Бабалар қашаған оюлар,
Қошқар мүйіздің түрімен,
Арда тарихым қоюлар.
Бір тал аршаның бүрінен...
Қыл құйрық тұлпардың түгінен,
Адамзат нәсілі -
Тектілік дегенді мойындар.

Жеті жұт келседе,
Бірлігі тас түйін.
Тіріде бір төбе,
Бұйырған бір шұңқыр,
Серттесіп өлседе.
Уақыт пен сертіне берік ұлт.
Біз едік, расы -
Тәңірі мөр басып қалдырған мұрасы.
Сенбесең сенделмей,
Геродот, Әбізғазы, Сыма Сян
Секілді алтын көкірек абыздардан сұрашы.

Оларда бас иіп қалдырған,
Том том тарих жазбасын.
Бұл жайлы,
Көне шаһардан алдырған,
Ескі жазбалар қозғасын.
"Түрік шежіресі" мен "Тарих" еңбегін оқышы,
біз жайлы не дейді?
Жазады оларда,
Жекпе-жек шайқаста Қас Сақтың женгенін.
Себебі оларды көк тәңір жебейді,
"Тарихи жазбаларда" аңыз боп айтылған,
Біздің тулаған тарихты енді кім бөгейді...

IV
Алтын адамда Ұлы Далада сақталған,
Европа етегін жаба алмай жүргенде.
Бабамыз алтынмен апталған,
Осыда жетеді біз жайлы білгенге.
ақсөңке тарих бетіне үңілші,
Біздің картада,
Көне жәдігер ескі шаһарлар қатталған.

Сан ғасыр тарих,
Ақ шашы ағарып кемсеңдеп,
Көне шаһарлар туралы сөйлейді.
Тарих теңізі ағады сең-сең боп,
Жәдігер Түрікстан рухы гөй-гөйлейді.
Қарт мекен абыз Тараздың өткені,
Ол деген таусылмас қазына.
Қимақ пен Оғыздың бектері,
Таразда жүгінген қазыға...
Алтын баулы қыраны ек түркінің,
Ешкімге есесін жібермес.
Түсіріп көрмеген сүлкінін,
Түркілер дегенім -
Боз дала Айғыры ек,
Жалы мен құйрығы күзелмес.

Ақбас Алтайдың шыңдары,
Күллі түрікті бірлікке шақырған.
Бағзы бабалар мұң зары,
Бодандық бұғауынан құтылып,
Алдаспан рухы жебедей атылған.
Алып Империялар рухтың буына жұтылып,
Тақ пен тәждері саудаға сатылған.
Түркілер оянып сол мезет,
Көк тәңір рухын шақырған.
Осылай да осылай,
Уақыттың өтінде елгезек,
Бірліктің дұғасы оқылған...

V

Ұлы жібек жолыда,
Ұлы даланың заңында жазылған.
Батыс пен шығысты жалғаған,
Сол жолды аймүйіз бабалар басқарып,
Болашақ ұрпағын алғаған.
Толағай-толағай іс үшін темірқазық жастанып,
Жер үшін шаһит боп кетседе,
Жаратқан ұрпағын оңдаған.
Біз деген Жейхун мен Сейхун дария,
таусылмас арнасы.
Ежелгі түріктің, бүгінгі қазақтың жалғасы,
Қаншама дәуірлер болсада қансоқты,
Қыран ек қанаты талмаған!

VI
Жеті қазына,
Дәуірлік мұрамыз, жалғасқан бағзыдан.
Өзге үшін бұл аңыз
«Таусылмас жыр аңыз»,
Дейді екен кәрі құрлықтар алжыған.
Олардың ішін өртейді өксігі,
Ордасын талқандап ор жылан.
Себебі оларда жоқ еді «Ертөстігі»,
Елі үшін шаһит боп,
Дұшпаннан қорғаған.

Көне аңыз әпсана,
Ілкіден бабалар тарихын дәріптер.
Көктүрік сарынды ерліктің жалғасын,
Алпамыс, Қобыланды батырлар әдіптер.
Ар жағым,
Орхон мен Енисей бойында,
Бал-балдар сыр шертіп боздайды.
Күлтегін, Тоныкөк түркілер сойында,
Ғасырлық тарихымды қозғайды.
Бер жағым Жем, Сағыз, Ойылда,
Менің алтын тарихым тозбайды.
Астана орнатқан Есілдің бойында,
Түріктің, Қазақтың рухын қозғайды...

VII
Жеті бұл,
Рухтың тоғысқан символы.
Болашақ біздердің уыста,
Көк байрақ қазақтың сүйгені,
Алашпыз бүйрегі бұрылып тұратын туысқа.
жеті рет өлшейтін әр ісін,
Аспантек ұлт едік ұжданды.
Рухтан іздейтін өмірдің мәнісін,
Артыңда алашым алдаспан із қалды.

Бұл күнде,
Ұлт едік, дәстүрі мен салты нақты
«...Әлемді тітіреткен салтанаты...»
Сұлтанмахмұт жырлаған даңқың өрде,
Уақыт соңы болғанша ән қанатты,
Ғасыр соңы болғанша Жалқын атты,
Заман соңы болғанша Антракты...

Пікірлер