«22 адам бөленген». Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

988
Adyrna.kz Telegram
Фото: facebook.com/Бауыржан Бабажанұлы
Фото: facebook.com/Бауыржан Бабажанұлы

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігі музейге қойылды. Бұл туралы танымал журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, музейге қойылған бесік 1970 жылы жасалған. Оған Құдайбергеновтер әулетінің 22 адамы жатқан екен.

"Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

 

Пікірлер