Димаш Будапеште өтетін концертте өнер көрсетеді

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yvhf6ivgBXeBlcHRZohGjEBLoquMB9oF11ZtMVWl.jpg

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго және хорват виолончелисті HAUSER-мен бірге өнер көрсетеді. Концерт 2026 жылдың 18 сәуірінде Будапеште өтеді. Бұл туралы әншінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Кеш бағдарламасында осы жобаға арнайы дайындалған эксклюзивті жаңа аранжировкалар мен арнайы бірлескен нөмірлер ұсынылады. Халықаралық шығармашылық команда көрермендерге визуалды дизайн мен акустикалық технологияларға негізделген қойылым әзірлеп жатыр», – делінген хабарламада. 

Музыкалық жетекші – композитор әрі дирижер Петер Пейцик.

Концерт 2026 жылғы 18 сәуірде Будапешттегі MVM Dome аренасында өтеді. Билеттер 13 желтоқсанда сатылымға шықты.

Пікірлер